БҚО-да ер адам өз-өзін пышақтады

Ulysmedia

Дерқұл ауылынан 102 пультіне ер адамның соққыға жығылғандығы туралы хабарлама түскенін мәлімдеген, бірақ оқиға орнына барған полиция қызметкерлері мүлде басқа жайтқа куә болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің инстаграмдағы ресми парақшасында аталған ер адамның өзін пышақтамақ болған сәтінен видео жарияланды.

«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері басқа жағдайға тап болды. 43 жастағы мас ер адам  асқазан тұсына бірнеше рет пышақ сұғып, содан кейін пышақты жүрегіне сұқпақ болған. Әңгімелесу кезінде тәртіп сақшылары пышақты оның қолынан алып үлгерді», - дейді БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізіліп, болған жағдайдың себебі анықталып жатыр.