Доллар бағамы Қазақстанда тағы арзандады

Сырым Қаржас

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 496,41 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткіштен 2,47 теңгеге төмендеді.

Ал айырбастау пункттерінде америкалық валютаның сатып алу бағасы орта есеппен 496 теңгені, сату бағасы 499 теңгені құрап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық валютаның динамикасы Ұлттық банк жүргізген операциялар аясында шетел валютасының тұрақты ұсынысы, қаржы жүйесінің негізгі субъектілері мен экспорттаушылар тарапынан оның сатылуы, сондай-ақ шетел валютасына деген бір реттік сұраныстың төмендеуімен байланысты болуы мүмкін екені хабарланған еді.