Алматылықтар "Атакент" шағынауданында атыс дауыстары естілгенін хабарлады. Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматылық адвокат әлеуметтік желіде Атакент аумағында атыс болғанын жазды.
- Атыс болған деп жатыр, дейді ол.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
- Бұзақылық фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады, оқиғаға қатысы барлар анықталып, олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі, деп хабарлады «Ұлысмедиаға» полиция департаментіндегілер.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.