Қандай қарсылықтар болғанын жақсы білеміз – Аймағамбетов заман өзгерді деп мәлімдеді

Аян Өрібай

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов "Президенттің саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі" тақырыбында өтіп жатқан мәжіліс отырысында білім саласында реформалар жөнінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Аймағамбетов осыдан алты жыл бұрын, егер мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі, бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі, Ұлттық қордың қаражаты барлық балалардың шотына аударылып, қарапайым жұмысшы мамандары, Ақордада, мемлекеттік наградаларды алады десе, бұған сену тұрмақ, көпшілік бізді орындалмайтын арманды айтты деп сөгер ме еді деп сөзін бастады.

Бірақ, заман өзгерді. Қазір енді, бұл бастамаларға таңғалмақ түгілі қалыпты жағдай, норма ретінде қарайтын болдық. Әрқашан, бәрі осылай болғандай қабылданып, тіпті уақытылы орындалмаса, проблема ретінде көтеретін болдық. Бірақ біз бұл бастамалардың қалай басталғанын, қандай қарсылықтар мен кедергілер болғанын жақсы білеміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағыттарға апаратын нақты жолды салып, ауқымды реформаларды жүргізіп, іске асырды, – дейді ол.

Аймағамбетов мұғалімдер – еліміздегі ең ірі кәсіби қауым екенін айта келе 500 мыңнан астам педагог Қазақстанның болашағын қалыптастыратын жандар екенін айтты.

Білім - бұл жарық. Егер мұғалімнің шамы сөніп қалса, барлық қоғам қараңғыда қалады. Сондықтан да, Мемлекет басшысы реформаларын дәл осы ұстаздардан бастады. Мұғалімдердің орташа жалақысы небәрі 109 мың теңге болса, бүгінде ол екі еседен астам өсті, – дйді ол.

Аймағамбетов «Педагог мәртебесі туралы» заңды, «Жайлы мектеп» жобасын, “Ұлттық қор балаларға” бағдарламасын атап өтті. Десе де, МӘМС шаруасы әлі шешілмей жатқанын айтты. Жүздеген мың азаматтық қызметкерлердің жалақысының төмендігі мен 500 мың мүгедектігі бар жандардың, бүгінгі нарық пен бағаларға сай келмейтін  жәрдемақы мәселесін де болашақта шешуіміз  қажет деді. Мұғалімдер мен барлық қоғам сапалы білім мен саналы тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейтуі қажет деп атап өтті.