Зеленский Трамппен телефон арқылы сөйлесетінін айтты

Сымбат Сатыбалдина

Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен 19 наурызда телефон арқылы сөйлеседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

ЗЕЛЕНСКИЙ

Зеленский Трамппен не жайлы сөйлесетінін айтты. 

- Біз сөйлесіп, келесі қадамдарды талқылаймыз. Трамп Путинмен не жайлы сөйлескенін егжей-тегжейлі айтып береді деп ойлаймын, дейді Зеленский.

ТРАМП-ПУТИН

Еске салайық, 18 наурыз, сейсенбі күні, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме екі жарым сағатқа созылды. Бұл туралы Ақ үй басшысының көмекшісі және аппарат басшысының орынбасары Дэн Скавино хабарлады.

"Қазіргі уақытта - президент Трамп Овальды кабинетте отырып, Ресей президенті Владимир Путинмен шығыс уақыты бойынша таңғы 10:00-ден (Астана уақытымен 19:00) бастап сөйлесіп жатыр. Қоңырау жақсы өтуде және әлі де жалғасуда", - деп жазды ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

CNN телеарнасы ресейлік дереккөзге сілтеме жасай отырып, Путин мен Трамптың телефон әңгімесі "өте жақсы" өткенін хабарлады.