«Қазселқорғау» ісі: Жамбыл облысы экс-әкіміне неге әлі үкім шықпады

Сымбат Сатыбалдина

Антикор Жамбыл облысының бұрынғы әкісі Кәрім Көкірекбаевқа неге әлі сот үкімі шықпағанын түсіндірді. Шенеунікке қатысты сот процесі сегіз айға созылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

- іс сотқа түсті, сотта қаралып жатыр. Бірақ тергеу мүддесіне байланысты мән-жайды айта алмаймыз. Әзірге нақты шешім жоқ, қандай да бір пікір білдіруге құзырымыз жоқ, дейді Антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев. 

Қазіргі таңда Көкірекбаев қамауда отыр. 

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

2022 жылдың желтоқсан айының соңында "ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" ММ директоры Кәрім Көкрекбаев ұсталды. Ол BAZIS CONSTRUCTION - INFR филиалының директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде ірі пара алды деген күдікке ілінген.

Кейін Жамбыл облысының экс әкімі Кәрім Көкірекбаевты алқабилер соты ақтап алған. 

Арада екі аптадан астам уақыт өткенде үкім күшін жойып Көкірекбаев қайтадан қамауға алынған.