Астанадан Мекке мен Мәдинаға тікелей рейс ашылды

Сырым Қаржас

Астана халықаралық әуежайы Мекке мен Мәдинаға алғашқы тікелей рейс ашылғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

Қасиетті Рамазан айында Астана халықаралық әуежайынан Мекке мен Мәдинаға алғашқы тікелей рейс ашылды.

Рейстерді ұлттық әуе компаниясы «Air Astana» орындайды. Ұшу уақыты 6-7 сағатты құрайды, бұл қажылыққа аттанатын жолаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

“Бұл – қоғамымыз үшін маңызды оқиға және рухани борышты орындауға мүмкіндік” деп хабарлады әуежай әкімшілігі.