Қазақстандықтар шенген визасына оңай қол жеткізуі керек - ЕО елшісі

Сырым Қаржас

Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич визалық режимді жеңілдету туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ht.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Визалық режим туралы сұрақты Ulysmedia бас редакторы ЕО елшісімен болған сұхбат барысында қойды. Ол Қазақстан азаттарының көпшілігі іскерлік және білім алу мақсатында Еуроодақ елдеріне жиі сапарлайтынын, алайда әлі күнге дейін Шенген визасын алу қазақстандықтарға қиын соғатынын атап өтті.

Алешка Симкич бұл сұрақтың өзіне жиі қойылатынын мойындады. Ол Еуропа елдері де Қазақстаннан бизнес өкілдерін, жұмысшылар мен студенттерді қабылдауға мүдделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, ЕО-ға Қазақстан тарапынан көші-қон қаупі жоқ, сондықтан визалық режимді жеңілдету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

ДӘЙЕКСӨЗ

Визалық режимді жеңілдету жөніндегі келісім бойынша көп жұмыс істеліп жатыр деп айта аламын. Виза әлі де қажет болады, бірақ оны алу процесі жеңілдейді. Бұл біраз уақытөа созылады, бірақ келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастаймыз деп үміттенемін.

Біздің тараптан да үлкен қызығушылық бар, мен сіздермен келісемін. Біз қазақстандықтарға Еуропаға баруды оңай етуіміз керек. Сол сияқты еуропалықтардың Қазақстанға келіп-кетуі де жеңілдеу керек, – деп жауап берді Алешка Симкич.

СҰХБАТ

Естеріңізге сала кетейік, Симкич Қазақстанда ЕО елшісі ретінде жарты жылдан бері қызмет атқарады. Ол – Словенияның тумасы, дипломатиялық қызметте істеп келе жатқанына 26 жыл болған. Мәртебелі мейман Ulysmedia порталына сұхбат беруге келісті және әңгіме барысында соғыс пен бейбітшілік, санкциялар, USAID-тің жабылуы тақырыптарын қозғап, Трамп туралы не ойлайтынын айтты. Сондай-ақ Украинаны ЕО-ға неге қабылдамайтынын және одақтың Қазақстанға деген қызығушылығы неде екенін түсіндірді.