Алматы облысында тауда жоғалған жасөспірімдерді дронмен іздеді

Сырым Қаржас

Алматы облысының таулы аймағында үш жасөспірім мен бір ересек адам жоғалған. Құтқарушылар іздеу операциясына дрондарды қолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жасанды интеллект/Ulysmedia

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 22 наурыз күні таңертең бес адам Қарғалы ауылының іргесіндегі таулы аймақта орналасқан Ұзынқарғалы бөгенінен балық аулауға аттанған. Бесеудің біреуі ғана өздігінен ауылға оралып, қалғандары (бір ересек адам, үш жасөспірім) қайтар жолды таппай адасып қалған.

Жедел іздестіру шарасының нәтижесінде құтқарушылар жоғалған балықшыларды Ұзынқарғалы бөгенінің жоғары жағындағы ашық алаңқайдан тапты.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына үш құтқарушы, үш техника, екі ұқышсыз ұшу аппараты, екі кинологиялық есеп және екі спутниктік телефон жұмылдырылды. Нәтижесінде жоғалған төрт адам Ұзынқарғалы бөгетінен 15 км жоғары қарай ашық аумақтан табылды, – делінген хабарламада.

Балықшылардың жағдайы қалыпты. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылардың көмегімен олар үйлеріне аман-есен оралды.