Түркиядағы дүрбелең: қазақстандықтарға ештеңеге араласпауға кеңес берілді

Сырым Қаржас

Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығы Түркиядағы дүрбелеңге байланысты сол елдегі отандастарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

t24

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дипломаттардың айтуынша, Қазақстан азаматтары наразылық акцияларына қатысудан және адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартқаны абзал.

Қазіргі жағдайға байланысты сіздерден адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, демонстрациялар мен митингілерге қатыспауды, жоғары қауіпсіздік шараларын сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Түркиядағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар елшілікте «болып жатқан оқиғаларға қатысты қандай да бір жеке пікір білдіруден және наразылық туралы ақпаратты әлеуметтік желіде таратудан аулақ болу қажеттігін» еске салды.

Сенім телефондары:

Анкарадағы ҚР елшілігі: +905352734496

Ыстамбұлдағы ҚР бас консулдығы: +90 501 262 1465

Антальядағы ҚР бас консулдығы: +90 539 440 0522

Измирдегі ҚР бас консулдығы: +90 553 099 8789

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 19 наурызда сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, пара берумен және террористік әрекетке жәрдемдесумен айналысатын ұйымға қатысы бар деген күдікпен Экрем Имамоғлы ұсталған. Оппозициялық саясаткер биліктің қысымына көнбейтінін және өзіне тағылған кінәні мойындамайтынын мәлім еткен. Мұның соңы Ыстамбұлда жаппай наразылыққа ұласып, 300 мыңдай адам көшеге шыққан.