Украинадағы бітімгерлік келісімнің уақыты белгілі болды

Сырым Қаржас

АҚШ билігі 20 сәуірге дейін Украинада уақытша бітімге келу туралы келісім жасасуға тырысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

shutterstock

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бірақ Ақ үй келісім уақыынтың өзгеруі мүмкін екенін жасырмайды, өйткені Ресей тарапы атысты тоқтатуға асықпайды.

КЕЛІСІМ МЕРЗІМІ20 СӘУІР

Bloomberg-тің жазуынша, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Брайан Хьюз «келіссөздердің шарттары немесе уақыты бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануына» қарсы болды.

Агенттіктің басқа дереккөздері бейбіт келісімге келгенге дейін Кремль Трамп пен Путиннің жеке кездескенін қаламайды деген пікір айтқан. Уақытша бітім жасау бойынша келісім мерзімі 20 сәуірге дейін деп белгіленгенімен, тараптардың мәмілеге келе қоюы екіталай. Мұны АҚШ әкімшілігі де мойындайды, өйткені соғысушы тараптардың ұстанымдары негізінен қарама-қайшы.

ПУТИН АСЫҚПАЙДЫ

АҚШ Украинадағы бейбіт келісімнен үмітті, бірақ Путин асықпайтын сияқты, - деп жазады Bloomberg. Агенттік әлі күнге дейін тыйылмай тұрған Ресей мен Украинаның бір-бірін дрондармен бомбалауын мысалға келтірді. Сондай-ақ келіссөздер жүргізуші ретінде ФҚБ-ның өкілі Сергей Беседаның таңдалуы да жағдайды қиындата түспек. Жалпы, Мәскеу келіссөздер жүргізуге жоғары талаптар қойып отыр.

Әзірге АҚШ Ресей және Украинаның өкілдерімен жеке кездесулер өткізіп жатыр. Bloomberg жазғандай, онда энергетикалық инфрақұрылымдарға шабуыл жасауды 30 күнге тоқтатуды бақылау, сондай-ақ Қара теңізде бітімге келу мәселелерін талқыланып жатыр.