Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі өтіп жатыр

Сырым Қаржас

Бүгін, 23 наурыз күні кешке Сауд Арабиясының астанасында АҚШ пен Украина делегациялары арасында кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

flickr.com

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеров жазды.

Бүгін біз бірқатар күрделі техникалық мәселемен жұмыс істеп жатырмыз. Біздің делегация құрамында энергетика жөніндегі сарапшылар, сондай-ақ әскери-теңіз және әскери әуе күштерінің өкілдері бар, - деді ол.

Бұған дейін The New York Times басылымы бұл кездесу 24 наурызға жоспарланған америкалық және ресейлік өкілдердің келіссөздері қарсаңында өткізілетінін жазған. Талқылаудың басты тақырыбы – Трамп пен Путиннің телефон арқылы сөйлесуінен кейін энергетикалық нысандар бойынша атысты 30 күнге тоқтату, сондай-ақ Қара теңіздегі кеме қатынасы қауіпсіздігі мәселесі.

Украиналық шенеунік NYT-ке берген сұхбатында, егер бәрі сәтімен болса Киев делегациясы Ресей өкілдерімен келіссөздерден кейін америкалық тараппен қосымша кездесуі мүмкін деп мәлімдеген.