Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысан салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БЮДЖЕТ
Ақмола облысының бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.
ҚҰРЫЛЫС ТУРАЛЫ
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасында көзделген медициналық нысандар құрылысы 2024 жылы басталды. Ақмола облысының ауылдарында барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт салынады. Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
ҚАЙ АУДАНДАРДА САЛЫНАДЫ
Дәрігерлік амбулаториялар Ақмола облысының келесі ауылдарында:
Сондай-ақ:
Целиноград ауданының Шалқар ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін үкімет арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.