Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі отын-энергетика өнеркәсібі департаменті басқармасының басшысы Қуат Асамбеков Маңғыстау облысында тергеу амалдары басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Агенттік өз тарапынан талдау жасады. Қазіргі таңда Маңғыстауда бағаны картельдік келісу бойынша тергеу басталды», - деді Қуат Асамбеков.
Оның айтуынша, тергеу жақында басталғанына байланысты қазір қорытынды айту ерте.