Эр-Риядтағы Ресей мен АҚШ өкілдерінің кездесуінің нәтижесі көпшілікке жария етілмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
ТАСС деректері бойынша, кездесудің нәтижесі туралы Мәскеу мен Вашингтонға хабарланған. Енді Кремль мен Ақ үй анализ жүргізеді. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
- Менен Эр-Риядтағы кездесудің нәтижесі туралы сұрайтын шығарсыздар. Ресей-америка келіссөзінің нәтижесі басшыларға жеткізілді, дейді Песков.
Сонымен қатар, Песков қазіргі уақытта келіссөздердің нәтижелері талданып жатқанын және олардың мазмұны жария етілмейтінін айтты, себебі кездесу «техникалық сипатта» өткен.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Ресейдің Эр-Риядтағы кездесуі 12 сағатқа созылғанын хабарлаған едік. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметінше, Украина мен РФ атысты тоқтату туралы келісімге келуіне аз қалды.
DW мәліметінше, Эр-Риядта АҚШ делегациясы Украина және Ресей өкілдерімен бөлек, жабық режимде келіссөздер өткізді. 23-24 наурыз күндері өткен кездесулерде үш жылдан астам уақытқа созылған Ресей мен Украина арасындағы соғысты ішінара тоқтату мәселесі қаралған.