25 наурызда еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
- «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 62 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылды.