Қазақстанның ТЖМ командалық орталығының базасында Жамбыл облысындағы сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі және аумақтық бөлімшелермен бейнеконференцбайланыс өткізілді.
Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда ден қоюға дайын.
Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан. Мамандар оларды зерттеу үшін өзара іс-қимыл ұйымдастырды - қауіп жоқ.
ЖЕР СІЛКІНІСІ
Қазақстанның сейсмологтары жұма, 28 наурыз күні сағат таңғы 3:42-де Алматыдан 323 шақырым оңтүстік-батыста, Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысының тоғыз елді мекенінде жер сілкінісінің күші 5-тен 2 баллға дейін сезілген.