ҚТЖ Қожамжаровтың бауырының компаниясымен ауыз жаласқан – агенттік

Сымбат Сатыбалдина

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізген тергеп-тексеру нәтижесінде HILL Corporation ЖШС мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС арасындағы бәсекелестікке қарсы келісім анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz

ТЕКСЕРУ

Тергеп-тексеру барысында «ҚТЖ-ЖТ» локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде әлеуеті жететін жеткізушілерді лайықты көрмей,  арнайы шарттар қолданғаны белгілі болды. Бұл олардың сатып алу конкурстарына қатысуына кедергі келтіріп, бастапқыдан-ақ HILL Corporation компаниясының мүддесіне жұмыс істеуіне бағытталған әрекеттерді айқындады.

- БҚДА жүргізген тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты компания сотқа шағымданған болатын. Алайда, 2025 жылғы 11 наурыздағы жоғарғы сот қаулысына сәйкес, жергілікті соттардың «HILL Corporation» ЖШС мен «КТЖ-Жүк тасымалдау» ЖШС қатысты агенттік тергеп-тексеруінің заңды екені туралы шешімдері өз күшіне енді, делінген хабарламада.

Локомотивтерге арналған мотор майларын жеткізу саласында анықталған бәсекелестікке қарсы келісімнің жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асты.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Egov.kz-тегі мәліметтерге қарағанда, «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation" (HILL)» компаниясына бір ғана құрылтайшы – Дулат Қожамжаров тіркелген. Компания химиялық өнімдерді өндіріп, мұнай өңдеу өнімдерін өндірумен айналысады. Тіркелген орыны – Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Қапал Батыр көшесі. Бірінші басшысы Нұрбол Дүтбаев атты азамат. Компания 2005 жылдан бері бар.