Фельдшерді соққыға жыққан: Степногорск тұрғыны қандай жаза алды

Ілияс Бақыт

Степногорск тұрғыны шақыртуға ұзақ уақытта жеткен фельдшерді соққыға жыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

ФЕЛЬДШЕРДІ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

Степногорск қалалық соты В-ға қатысты кәсіби міндетін орындау барысындағы медицина қызметкерінің (жедел жәрдем фельдшерінің) денсаулығына жеңіл зиян келтірген үшін  қылмыстық іс қарады.

Жедел жәрдем фельдшері О. эпилепсия ұстамалары бар пациентке медициналық көмек көрсету үшін келген. Үйдің ауласында В. және басқа да адамдар жедел жәрдем бригадасының шақыруға ұзақ уақыт бойы келмегеніне наразылық білдіріп, фельдшермен ауызша қақтығысқа келіп қалды. Пациентке медициналық көмек көрсету үшін О. оны жедел жәрдем көлігінің кіргізгенде, онымен бірге В. кіруге талпынған. Фельдшер оның пациенттің жақын туысы еместігіне сілтеме жасап, оған кіруге кедергі жасады. Кіргізбегені үшін В. фельдшердің бетін жұдырығымен соғып, оған жеңіл дене зақымын келтірді.

Сот үкімімен В.-ға мінез-құлқына ерекше талаптар қосыла отырып, 400 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту тағайындалды. Сотталғаннан 90 мың теңге материалдық және 500 мың теңге моральдық зиян О.-ның пайдасына өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.