«ҚазМұнайГаз» сұйытылған газ бағасына қатысты мәлімдеме жасады

Ulysmedia

Өңірде Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз ЖМҚС желісінің 19 автогаз құю станциясы бар және ұзақ уақыт бойы Маңғыстау облысында сұйытылған газды ең төмен бағаға сатты, деп хабарлайды мекеме өзінің ресми сайтында.

Фото: ашық дереккөзден

«Сыртқы факторларға байланысты қаңтардың алғашқы күндері өңірде сұйытылған газдың құны көтерілгеннен кейін де, Qazaq Oil ЖМҚС желісінде отын бағасын Жаңаөзен қаласында 65 тг. деңгейінде және облыстың басқа қалаларында сату көлемін шектемей 79 тг. деңгейінде сақтап қалды. Сұйытылған газға сұраныстың күрт өсуіне қарамастан, Qazaq Oil корпоративтік клиенттер алдында өз міндеттерін толық орындауға міндетін мойнына алады, яғни газды талондар мен отын карталары арқылы белгіленген баға шеңберінде өткізеді. Қордың шектеулі болуына байланысты жеке тұлғаларға жанармайды босатуға лимиттер енгізілуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Сондай ақ, компнания  10-12 қаңтардан кейін Энергетика министрлігі жариялаған литріне 85-90 теңге баға дәлізі шеңберінде жанармайдың қосымша көлемін жеткізу және сұйытылған газды шектеусіз босатуды қайта бастайтынын мәлімеді.

«Қазіргі жағдайда компания Маңғыстау облысында барлық тұтынушыларды сұйытылған газбен тұрақты және үздіксіз қамтамасыз етуді сақтау үшін бар күшін салуда», - делінген ресми хабарламада.