Қостанайда 20 жыл бойы жасырынып жүрген беларусьтық киллер ұсталды

Сырым Қаржас

Қазақстан полицейлері Беларусь еліне Морозов бандасының мүшесі – Виктор Грецкийді экстрадициялады. Ол Қостанайда ұсталды. Беларусь ІІМ-нің мәліметінше, киллер заң органдарынан 20 жыл бойы жасырынып келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

ДӘЙЕКСӨЗ

Қолда бар деректерге сәйкес, айыпталушы 1992 жылдан бастап қылмыстық топ құрамында болды және адам өлтіруші (киллер) болды. Ол бірнеше кісіні өлтірген және басқа да ауыр, аса ауыр қылмыстар жасаған. 2005 жылдың қаңтарында оған интерпол желісі бойынша мемлекетаралық, содан кейін халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлады Беларусь ІІМ.

Милицияның мәліметінше, Рецкий құқық қорғау органдарынан Ресей мен Қазақстан аумағында жалған құжатпен жасырынып жүрген. Күдікті Қостанайда ұсталды және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Беларуське жеткізді.


Sb.BY таратқан ақпаратқа сәйкес, қылмыстық топ құрамында Грецкий «штаттық киллер» рөлін атқарған. Ол бірнеше адамды өлтірген және ауыр, аса ауыр қылмыстар жасаған. Морозов бандасы қамауға алынғаннан кейін ол 2000 жылдары елден қашып кетті. 2005 жылдан бері оған халықаралық іздеу жарияланған.