Алматыда емханаларға жүгінген 190 адамның дені тәртіп сақшылары

Алдаберген Кемпірбаев

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы қаладағы емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінгенін мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Оның 150-ін жедел жәрдем әкелсе, 40-ы өз аяғымен келген.

«40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде, оның ішінде 4 полиция қызметкері», – дейді құзырлы басқармадан.

Зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 азаматтық тұрғын бар.

Еске сала кетсек, елдегі ереуілдерден соң Алматы қаласы мен Маңғыстау, Алматы облыстарында төтенше жағдай енгізілді.