Қазақстанда доллар мен еуро күрт қымбаттады

Сырым Қаржас

Еліміздің екі ірі қаласындағы айырбастау пунктерінде доллар мен еуроның қымбаттағаны байқалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

Алматы қаласы

  • Доллар: сатып алу – 507,52 ₸, сату – 510,24 ₸

  • Еуро: сатып алу – 557,46 ₸, сату – 564,05 ₸

  • Рубль: сатып алу – 5,85 ₸, сату – 5,98 ₸

Астана қаласы

  • Доллар: сатып алу – 505 ₸, сату – 512 ₸

  • Еуро: сатып алу – 555,05 ₸, сату – 565,02 ₸

  • Рубль: сатып алу – 5,85 ₸, сату – 6 ₸

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, 2 сәуірде Дональд Трамп 185 ел мен аумақтан келетін өнімдерге жаңа кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Ол барлық импорттық тауарларға кемінде 10% мөлшерінде базалық тариф енгізіп, жекелеген елдер үшін жеке мөлшерлеме белгілеуге уәде берді. Бұл мәлімдеме АҚШ-тың қор нарығында күрт құлдырауға себеп болып, әлемдік нарықтарға да кері әсерін тигізді.