Теңгенің тағдыры не болмақ

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстанда доллар бағамы не болмақ? Бұл сұраққа экономист Алмас Чукин жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

Ол өз болжамын digitalbusiness порталына берген сұхбатында бөлісті.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ ЖАЙ СӨЗ БЕ

Экономист соңғы уақытта көпшілік арасында «доллар әлсірейді» деген пікірдің көбейіп кеткеніне таңғалды.

- АҚШ экономикасы құлдырауы мүмкін, бірақ бұл әлемде доллар көбейеді дегенді білдірмейді. Керісінше, экономика баяуласа — айналымдағы доллар да азаяды. Яғни, доллар тауар ретінде де құнды болып қала береді. Мен долларды сиқырлы нәрсе деп отырған жоқпын, бірақ оның көлемі азаяды», — деді Чукин.

АҚША ЖИНАУ КЕРЕК ПЕ

Чукин мұндай жағдайда қаржыны қай валютада сақтау керегін айтты. Чукиннің пікірінше, тәуекелді дұрыс басқарудың ең тиімді жолы — активтерді бөлу.

- Қазір көп нәрсе түсініксіз. Сондықтан қаржыны бөліп сақтау керек. Біз күнделікті өмірімізде теңгемен өмір сүреміз, сол себепті жинағымыздың жартысы теңгеде болуы тиіс. Ал ұзақмерзімді инвестицияны долларда ұстаған жөн. Яғни ең дұрысы 50/50 принципі. Сол кезде валюта бағамына қарап уайымдамайтын боласыз, деді ол.

ФРАНК ПЕН ЕУРО ШЕ

Чукин валюта нарығында болжам жасау қиын екенін айтып, артық тәуекелге бармауға шақырды.

- Франк, еуро және басқа валюталарда ақша жинап, түрлі комбинациялар іздеудің қажеті жоқ — бәрібір дәл болжау мүмкін емес, деп түйіндеді сарапшы.

БҮГІНГІ ЖАҒДАЙ

Еске салайық, бүгін Қазақстанда доллар күрт қымбаттап шыға келді. Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы бір тәулікте 12 теңгеге өсті

Орташа өлшенген доллар бағамы 518,31 теңгеге жетіп, бір күн ішінде 12,8 теңгеге күрт көтерілді.