Алматы қаласы әкімінің орынбасары бизнесті заңсыз тексергені үшін жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Түрксіб ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерумен байланысты әкімдіктің лауазымды тұлғаларының құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті.
ОРЫНБАСАР ӨКІЛЕТТІГІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАН
Қала әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері өз өкілеттіктерінің шегінен шығып кәсіпкерлерден құжаттарды (тауарларға ілеспе жүк құжаттарды) заңсыз негізде ұсынуды талап еткен.
Мұндай әрекеттер заңнамаға қайшы келеді, себебі тексерушілерде бизнестен құжаттаманы талап ету үшін құқықтық негіздер болмаған.
6 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ЖАЗАЛАНДЫ
Тексеру жүргізу тәртібін бұзу фактілері бойынша аудан әкімдері аппараттарының 6 лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды (25 материал бойынша 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды).
ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖАЗАСЫ
Бұдан басқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы – 393 200 теңге) жауаптылыққа тартылды.
Қазіргі уақытта барлық айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді.