АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеуге барды. Бүгін түске дейін олар Владимир Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі ұсыныстарды талқылауы керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Әуежайда америкалық делегацияны Ресей президентінің өкілі Кирилл Дмитриев қарсы алды.
Бұған дейін Джаред Кушнер Путинмен кездесуден кейін АҚШ тарапы Владимир Зеленскиймен де кеңес өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан. Алдын ала жоспар бойынша, кездесу Дублинде өтеді.
Вашингтонның басты мақсаты – бейбіт келісімге қол қоюға әзірге кедергі келтіріп отырған мәселелер бойынша Мәскеу мен Киевтің ұстанымдарын жақындастыру.
Контекст
10-11 қарашада Абу-Дабиде АҚШ, Ресей және Украина өкілдерінің үшжақты келіссөздері өтті.
Кушнердің айтуынша, тараптар нақты ұсыныстармен алмасып, әскери тұтқындарды ауқымды түрде айырбастау жөнінде қағидатты келісімге келген.
Енді америкалық делдалдар осы келіссөздер барысында әзірленген ұсыныстарды екі елдің президенттерімен тікелей талқыламақ.
Абу-Дабидегі келіссөздерден қандай нәтиже шықты – Ulysmedia.kz материалынан оқыңыз.