Туризм және спорт министрлігі әкімдіктер жанынан жаңа басқармалар құру бастамасын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МИНИСТРДІҢ ҰСЫНЫСЫ
Министр Ербол Мырзабосыно әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша заңнамалық өкілеттіктер беруді ұсынды.
- Бұл – негізгі бастамалардың бірі. Аталған мәселе егжей-тегжейлі пысықталды. Мұндай қадам негізгі туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді, дейді министр.
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
Мырзабосыновтың сөзінше, туристік дестинацияларда инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға бағытталған жеке бюджеттік бағдарлама әзірленетін болады.
- Бұл ретте, өңірлерде туризмді дамытуға басымдық беру үшін жаңа құзыретпен қатар жеке туризм басқармаларын құру мәселесін қарастыру қажет. Қазір тек бес өңірде жеке басқарма бар, тағы екі өңірмен пысықталуда, дейді ведомство басшысы.