Алматыдағы боран кезінде 46 жастағы ер адам қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
7 сәуір күні Алматы мен Алматы облысына күшті дауыл мен боран болды. Табиғат апаты салдарынан бір адам қаза тапқан.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Алматы – Бішкек тас жолының 37-шақырымында, Шамалған ауылы маңында болған.
46 жастағы ер адамға дауыл кезінде ағаш құлап, оқиға орнында жан тапсырған.
Қазір бұл оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.