Қазақстанда енді жеке кәсіпкерлікті жай ғана ашу мүмкін болмайды. Билік ережелерді қатайтуды жоспарлап отыр, ал кейбір кәсіпкерлерге тіркеуден мүлде бас тартылуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
– Енді жеке кәсіп ашу тәртібі қатаңдатылады. Тиісті нормалар дайын. Бұған дейін заңбұзушылық жасағандарға, сондай-ақ қосымша белсенді емес жеке кәсібі бар тұлғаларға жаңа жеке кәсіп ашу күрделенеді, – деді Жұманғарин.
ЕЛДЕ ҚАНША КӘСІПКЕР БАР
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда 35 жасқа дейінгі 731 794 жеке кәсіпкер тіркелген. Бір жыл ішінде бұл сан бар-жоғы 3 679 адамға ғана артқан, бұл 2024 жылмен салыстырғанда небәрі 0,5% өсім. Жаңа шектеулер жас кәсіпкерлердің санын азайтып жіберуі мүмкін.
Жұманғарин сондай-ақ ҚҚС төлеуден кімдер босатылатынын және "сән-салтанат салығы" (қымбат мүлікке салық) кімдерге қатысты болатынын да айтқан болатын.