Ресейді таңдағандар: Қазақстан азаматтығынан қанша адам бас тартты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан азаматтығынан шығып, Ресей азаматтығын алғандар жөнінде ішкі істер министрлігі мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Polisia.kz дерегінше, Абай облысында қос азаматтықты заңсыз сақтаған 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ІІМ өкілдері басқа елдің азаматтығын алған жағдайда, Қазақстан заңнамасына сәйкес, азамат 30 күннің ішінде Қазақстан консулдығына немесе ішкі істер органдарына азаматтықтан шығу туралы өтініш беруі тиіс екенін еске салды.

Жыл басынан бері Қазақстан азаматтығынан бас тартуға байланысты 179 өтініш тіркелген. Оның 175-і – Ресейдің пайдасына, қалғандары Түркия, АҚШ, Қырғызстан және Чехия азаматтығын алу үшін берілген.