Шерзат Полат ісінде 9 күдіктінің тек екеуіне ауыр айып тағылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.
- Қылмыстың бәрі ауыр. Бірақ екі күдіктіге: Шынасыл Абзал мен Сәкеев Равильге айып тағылып отыр. Қалған жеті күдіктінің ісі “бұзақылық” бабымен қаралады. Мемлекеттік айыптаушының айтқаны сол. Ол іс материалдарымен үйлеседі деп ойлаймыз. Біз, жәбірленуші тарап онымен келіспейміз. Бірақ ол мемлекеттік айыптау актісі, дейді Шекеев.
НЕГЕ ТЕК 11 КҮДІКТІ КЕЛДІ
Еске салайық, бұған дейін Мейірман Шекеев неліктен 11 күдіктінің тек 9-ы сот залында отырғанын түсіндірді.
- Бастапқыда 13 адам болған. Оның екеуі іске қатысы болмағандықтан олар күдіктілер қатарынан шығарылды. Содан кейін екі қыздан тек куә ретінде жауап алынды, дейді адвокат.
АЙЫПТАУ АКТІ
Сонымен қатар, прокурор Ержан Құрақбаев Шерзат Полаттың ісі бойынша сотта айыптау актісін оқыған кезде оқиға қалай болғанын айтып берген еді.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.