"Қазгидромет" РМК синоптиктері Алматы мен Орал қалаларының тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙ
– 2025 жылғы 12 сәуірде Орал және Алматыда ауа сапасы нашарлап, қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі , – делінген хабарламада.
АҚПАРАТ ҮШІН
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде ауада ластаушы заттар көбірек жиналады.
Әдетте мұндай күндері далада мүмкіндігінше азырақ жүрген жөн.
Еске салайық, бұған дейін Алматы ауаның ластануы бойынша мегаполистердің әлемдік рейтингінде тағы да көш бастады.