"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірнеше қаласының тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылғы 13 сәуірде Атырауда, Ақтөбеде және Алматыда ауа сапасы нашарлайды.
АНЫҚТАМА ҮШІН
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде ауада ластаушы заттар көбірек жиналады.
Әдетте мұндай күндері далада мүмкіндігінше азырақ жүрген жөн.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қазақстан ауасы ең ластанған елдердің қатарына кіріп, 2023 жылғы жаһандық рейтингіде 134 елдің ішінде 40-орынға тұрақтаған еді.