Шымкент және Тараз тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезді

Сырым Қаржас
fotolia

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 13 сәуірде Астана уақытымен 09:23-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙ

Жер сілкінісін Түркістан мен Жамбыл облысының және Шымкент тұрғындары сезді. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Мырзакент, Жетісай, Абай, Сарыағаш, Қазығұрт, Шардара, Ленгер, Сайрам, Шымкент, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Арыс, Темірлан, Тараз, Сарыкемер, Аса елді мекендерінде жер асты дүмпуі 3 балл болып сезілген.

Ал Құлан, Меркі, Қаратау, Шаян, Шәуілдір, Жаңатас, Түркістан, Қордай, Кентау, Шолаққорған, Шорнақ, Шу, Төле би, Мойынқұм және Жаңақорған қалаларында 2 балл болды.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.

— Эпицентрдің координаттары: 39.020º с.е., 71.129º ш.б. Жерасты дүмпуінің тереңдігі – 15 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 14.4, MPV магнитудасы — 6.4. Жер сілкінісінің сезілуі MSK-64 шкаласы бойынша тіркелді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жерасты дүмпуі Өзбекстанның бірнеше облысында да сезілген.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған едік.