Қазақстандық ерлі-зайыпты 65 жасында Ақтаудан Парижге дейін велосипедпен барған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕКІ АЙДА ЖЕТІ ЕЛ
Бұл туралы белгілі дизайнер, кәсіпкер Ая Раббим әңгімелеп берді. Ерлі-зайыпты Парижге дейін 4600 шақырымды екі айда сегіз елді кесіп өтіп велосипедпен айдап барған.
- Қиындық болады ғой. Бірақ қиындықты жеңе білу керек, шыдау керек. Қазақстанды қоспағанда жеті елді аралап өттік. Екі айда Ақтаудан Францияға жеттік, дейді 65 жастағы Айзада Борашова.
ҚЫЗДАРЫ ДА ҚОСЫЛҒАН
Орта жолда олардың қызы Ая Раббим қосылған.
- Әрі қарай мен де бардым. Штутгорттан қосылдым. Парижге дейін қастарында болдым. Тіс щеткаларына дейін өздері арқалап жүрген, әлі күнге дейін күлеміз. Мен барған соң жүктерін өз көлігіме салып алдым, дейді кәсіпкер.
“КАФЕДЕ ҚОНДЫҚ”
Айзада Борашованың сөзінше, сапар кезінде кафеде қонған кездер де болған.
- Түркияда кафеде қонған кезіміз болды. Күніне 70 шақырым, кейде 90 шақырым, бірде 98 шақырым жүрдік. Рекең күніне 100-120 шақырым жүре алады, дейді Айзада Борашова.
САПАР КЕЗІНДЕГІ ҚИЫНДЫҚ
Ая сапарда анасының түрін көріп шошып кеткенін айтады.
- Себебі әбіржіп кеткен. Далада отыр. Күнімен жүргендері көрініп тұрды, дейді Ая.
Айзада Борашованың сөзінше, сапар кезінде қаладан өту қиын.
- Далада жақсы жүре бересің, ал қалада қозғалыс көп, өте қиын, дейді Айзада Борашова.