Доллар аздап әлсіреді: қаржыгер оның себебін түсіндірді

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Доллардың аздап құнсыздануы ұзақмерзімді тренд емес. Бұл туралы қаржы саласының сарапшысы Анна Анисимов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

САРАПШЫ НЕ ДЕЙДІ

Қаржы саласының сарапшысы Анна Анисимованың айтуынша, доллардың уақытша әлсіреуіне халықаралық нарықтардағы жалпы тұрақсыздық себеп болған. Бұл ахуал АҚШ-тың сауда саясатындағы белгісіздікке байланысты күшейе түскен. 

АҚШ ПЕН САУДА СОҒЫСЫ

Анисимованың сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың импорттық тарифтерді күрт көтеруі және Қытай мен Солтүстік Америка елдерімен сауда соғысын жаңа кезеңге көшіруі инвесторлар арасында сенімсіздік туғызып, валюта нарығында құбылмалыққа әкелген.

РЕСЕЙДЕГІ ЖАҒДАЙ

Ресейдегі ахуалға тоқталған сарапшы, доллардың әлсіреуінің тағы бір себебі – елдегі импорт көлемінің аздығы екенін айтты. Бұған жоғары пайызбен берілетін несиелер себеп, яғни бизнес үшін несие алу қолжетімсіз бола түскен.

Осылайша, рубльге уақытша қолдау көрсетілді, бірақ бұл өсімді нақты экономикалық көрсеткіштер растап тұрған жоқ. Сарапшы қазіргі рубль бағамын тұрақты деп сеніммен айту қиын екенін де жасырмайды.

СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ ДЕДІ

Еске салайық, бұған дейін ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар 600 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін растаған болатын.