Қазақстанда баспана бағасы күрт қымбаттайды

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Бастапқы тұрғын үй бағасы ҚҚС (қосымша құн салығы) салдарынан күрт өседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

КТК мәліметінше, Қазақстанда тұрғын үй салу барған сайын қымбаттап бара жатыр. Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеу нәтижесінде, жыл басынан бері жұмысшылардың қызмет ақысы қымбаттағаны анықталды. Сонымен қатар, құрылыс материалдарының бағасы да өскен.

Мамандардың болжамы бойынша, жыл соңына дейін жылжымайтын мүлік ай сайын 0,5–1% аралығында қымбаттайды.

Ал келесі жылдан бастап жаңа тұрғын үйлердегі шаршы метрдің бағасы бұдан да жоғары болуы мүмкін. Егер салық кодексіне өзгерістер енгізілсе, тұрғын үйдің бағасына ҚҚС-тың да әсері болады.

- ҚҚС-қа байланысты бағаның өсуі болады. Өкінішке қарай, тұрғын үйге 100% ҚҚС енгізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, құрылысын 2025 жылдың 2 қаңтарында бастаған құрылыс компаниялары да ҚҚС төлеуге мәжбүр болуы мүмкін. Бұл дегеніміз – жаңа кодекс қабылданғаннан кейін олар қосымша 12% салық төлеуге тиіс болады. Осы факторлар негізінде тұрғын үй бағасының өсуі сөзсіз, дейді Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 9 сәуірде парламентте жаңа салық кодексі жобасы бірінші оқылымда қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қосылған құн салығын 16 пайызға дейін көтеру ұсынылатынын мәлімдеді

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін 40 миллион теңге көлемінде белгілеу көзделіп отыр.