Әкімдер мен "ағашкалар" Алматының көркіне қалай балта шапқан

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Қаржылық сарапшы Расул Рысмамбетов Алматыдағы құрылыс пен инфрақұрылым мәселесін сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Facebook парақшасында ол Кабул мен Алматыдағы нөсерсу жүйесінің суреттерін салыстырып, Қазақстанның ең ірі қаласындағы жағдайды өткір сынға алған.

- Кабулдың (45 жыл соғыс жүріп жатқан қала) нөсерсу жүйесі мен Алматының нөсерсу жүйесі. Мұндай салыстырудың біржақты екенін түсінем. Әрине, Алматыда өмір сүру әлдеқайда жайлы. Бірақ сонша қаржы құйылып жатқан қалада жағдай бұлай болмауы керек еді. Біз әлі күнге дейін нүктелі құрылысқа шырмалып жүрміз. Осы бетімізден таймасақ, қаланы бүлдіреміз, деп жазды сарапшы.

Оның айтуынша, «Ауғанстанға кезінде Англия, Кеңес Одағы мен АҚШ басып кірген. Ал Алматының көзін – тек әкімдер мен парақор “ағашкалар” құртып жатыр, себебі олар әл-Фараби даңғылының үстінде үй салуға құмар».

Рысмамбетовтің жазбасы әлеуметтік желіде кең таралып, қала құрылысы мен жоспарлауға қатысты қызу пікірталас туғызды.