Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана уақытымен 15:30-дағы мәліметке сәйкес, АҚШ долларының биржалық бағамы 521,67 теңге болды. Бұл бір күн бұрынғыдан 4,67 теңгеге жоғары.
Соңғы деректер бойынша, айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы мынадай:
АЛМАТЫДА
сатып алу – 516,5–522,8 теңге,
сату – 522–525,5 теңге;
АСТАНАДА
сатып алу – 517–520 теңге,
сату – 524–527 теңге.
Қаржы нарығындағы мұндай өзгерістерге сарапшылар ішкі сұраныс пен сыртқы факторлардың әсер етіп жатқанын айтуда.