Айыппұл төлеуде 50% жеңілдікті алып тастау: ІІМ не дейді

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатындар үшін айыппұл төлеудегі 50 пайыздық жеңілдікті алып тастау жоспарда бар ма? Бұл сұраққа ішкі істер министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта мұндай ұсыныс ішкі істер министрлігіне түспеген. Алайда әділет министрлігі жанындағы арнайы жұмыс тобы бұл мәселе бойынша консультациялар жүргізіп жатыр.

– Меніңше, бұл жеңілдікті алып тастаудың қажеті жоқ, – деді ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, Қазақстанда айыппұл төлеуде 50% жеңілдік алынып тасталуы мүмкін екенін жазған едік. Аталған ұсынысты парламентте сенатор әрі бұрынғы ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты. 

Сенатор Марат Қожаев өзінің депутаттық сауалында айыппұл арқылы ережені қайта бұзумен күрес мүмкін еместігін айта келіп, соңғы кезде жол жүрісі қағидаларының бұзылуы көбейе түскеніне тоқталды.