Америкадағыдай болмайды: ІІМ қазақстандықтарға қару ұстауға рұқсат берілмейтінін хабарлады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Қазақстанда қаруды заңдастыру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаруды сақтау және азаматтар үшін оны заңдастыру мәселесі қазіргі таңда қатаң реттеледі. Өзін-өзі қорғау мақсатында қару сақтау мәселесі бүгінде қарастырылып жатқан жоқ, – деді Әділов.

АҚШ-та атыс қаруын иелену құқығы Конституцияда бекітілген. Атақты түзету мәтінінде былай делінген: «Еркін мемлекеттің қауіпсіздігі үшін жақсы ұйымдастырылған милиция қажет болғандықтан, халықтың қару сақтап, алып жүру құқығы шектелмеуі тиіс».