Атышулы Земфира тағы Қазақстанға келе жатыр

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Екі жылдық үзілістен кейін танымал рок-әнші қазақстандық тыңдармандарымен қайта қауышады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұйымдастырушылар Instagram желісінде ресми парақшасында хабарлағанындай, концерт 2025 жылғы 6 шілдеде Конаев қаласындағы ASP Arena сахнасында өтпек.

ЖАЗҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ШОУ – ЖЫЛДЫҢ ЕҢ АСА КҮТІЛГЕН КОНЦЕРТІ БОЛУЫ МҮМКІН

Бұл музыкалық кеш жазғы маусымның ең жарқын оқиғаларының бірі болады деп күтілуде. Әзірге әншінің есімі құпия сақталуда. Дегенмен, желі қолданушылары алдыңғы аншлагпен өткен концерттерді еске алып, өз болжамдарын бөлісуде.

БИЛЕТТЕР ҚАШАН САТЫЛАДЫ?

Концертке билеттер 18 сәуір, жұма күні сатылымға шығарылады. Бірақ әзірге олардың құны жарияланған жоқ.

БҰҒАН ДЕЙІН ДЕ КЕЛГЕН ЕДІ

Айта кетейік, әншінің Қазақстандағы соңғы концерті 2023 жылы өткен. Сол кезде ол әлеуметтік желідегі жазбасында ел атауын кіші әріппен жазып, ұйымдастырушыларды «нашар ұйымдастыршы» айыптаған.

"Үш түрлі концерт. Көп ойлар. Қазақстандағы сұмдық ұйымдастыру . Тек кәсіби шеберлік арқасында әрең алып шықтық" – деп жазды әнші.

Жазбада ел атауы кіші әріппен жазылған, бұл әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Тіпті әншінің жанындағы командасы да концерттенк кейін орналасқан бөлмелерін қиратып кеткен еді. 

ЗЕМФИРА

Земфира Рамазанова – ресейлік әнші, музыкант, композитор және ақын. Ол 1976 жылы 26 тамызда Уфа қаласында дүниеге келген. Музыкалық мансабын 1998 жылы бастады және сол уақыттан бері бірнеше студиялық альбом шығарды. Оның шығармашылығы орыс рокы, поп-рок және альтернативті рок жанрларында ерекшеленеді.