Қазақстанда ерлер әйелдерге қарағанда 10 жыл аз өмір сүреді

Сымбат Сатыбалдина
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанда адам өлімі аз тіркелетін үш өңір белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СТАТИСТИКА

Ұлттық статистика бюросы 2024 жыл бойынша деректерді жария етті. Статистикаға сәйкес, ел бойынша әр 1000 адамға шаққанда орташа өлім деңгейі – 6,8. Яғни елде адам өлімі көп тіркелген өңір - Ұлытау облысы: былтыр мұнда әр мың адамның сегізі қайтыс болған.

Керісінше, өлім-жітім ең аз тіркелген өңірлер — Астана, Алматы және Шымкент қалалары. Мамандар мұны республикалық маңызы бар қалаларда медицина қызметінің жоғары деңгейде болуымен байланыстырады.

ӨЛІМ СЕБЕПТЕРІ

Адамдардың өлімінің негізгі себептері мыналар:

  • жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары,
  • жүйке жүйесі мен тыныс алу органдарының аурулары,
  • қатерлі ісік,
  • түрлі сыртқы факторлар мен өз-өзіне қол жұмсау.

Айта кетейік, суицид ерлер арасында әйелдерге қарағанда алты есе жиі кездеседі. Бұдан бөлек, статистикаға сәйкес, ер адамдар Қазақстанда орта есеппен әйелдерге қарағанда 10 жылға дейін аз өмір сүреді.