Дархан Калетаев Украинадағы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАРЛЫҚ
Президенттің жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
КАЛЕТАЕВ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Дархан Қалетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Қазақстан президенті әкімшілігінің, білім және мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген.
2007–2008 жылдары — президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
2008–2009 жылдары — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары;
2009–2016 жылдары – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры;
2016 жылдың қазан айында парламент сенатының депутаты болды.
2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін қоғамдық даму министрі қызметін атқарды. Одан кейін премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Бір жылдың ішінде президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары және Қазақстанның Молдовадағы елшісі қызметін атқарды. Ал 2020 жылы Украинаға елші болып барды.