Ресейде еңбек мигранттарының банк арқылы жіберетін ақша аударымдарын бақылау қолға алынуы мүмкін. Бұл бастаманы Ресей бас прокуратурасы қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
– Қазір кез келген адам банк картасымен келіп, есепшот ашып, ақша аудара алады – банктерде мигранттарға қатысты толық ақпарат жоқ. Біз үшін кімнің, қандай қаржы аударып жатқанын түсіну маңызды. Кейде мигранттарды автобуспен әкеліп, жаппай аударым жасататыны да кездеседі. Олар өз әрекеттерінің салдарын толық түсінбеуі де мүмкін, – дейді Ресейдің бас прокуратурасының өкілі ТАСС-қа берген сұхбатында.
Бұл бастама Ресейдегі миграциялық саясатты күшейту аясында ұсынылып отыр.
ЖСН-ГЕ ҚАТЫСТЫ ДАУ
Бұған дейін Қазақстан ресейліктерге қайтадан ЖСН бере бастайтыны белгілі болған еді. 18 сәуірден бастап шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) рәсімдеу бойынша пилоттық жоба қайта іске қосылады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін ресейліктерге ЖСН заңсыз берілгенін, Қазақстан полициясы тексеруді бастағанын жазған едік.