Ер азамат декрет сұрап, сотқа жүгінді – не үшін басшылық қарсы болды

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Қызметкерлер жетіспеушілігін алға тартқан басшылық полицейді декреттік демалысқа жібермей қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға Жамбыл облысында болған.

Отбасында төрт жыл ішінде үш бала дүниеге келген. Ең кіші қыз өмірге келгенде, ер адам басшылықтан декреттік демалыс сұраған, алайда оған жеке құрам жетіспеушілігін себеп етіп, бас тартылған.

Полицей сотқа жүгінген. Сот оның бала күтіміне байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бар екенін анықтаған. Айта кетейік, тәртіп сақшысының жұбайы жеке кәсіппен айналысады.

"Полиция департаментінің қызметкерлер жетіспейді деген уәжі сот тарапынан негізсіз деп танылды – қызметкердің жынысына немесе өзге де жағдайларға қарамастан, декреттік демалысқа шығуға құқығы бар. Сот талапкерге үш жасқа дейін бала күтіміне байланысты демалыс беруді міндеттеді", – делінген хабарламада.  

БҰҒАН ДЕЙІН

Полиция қызметкерін көлік капотында сүйреп әкеткен шымкенттік 7 жылға сотталған еді.