Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Сырым Қаржас
Фото: Алексей Даничев / ТАСС)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар энергетика саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ Владимир Путин Ресей мен АҚШ арасындағы диалогтың барысына қатысты өз пайымын айтқан.

Президенттер алдағы Жеңістің 80 жылдығының маңыздылығын ерекше атап өтті. Мәліметке сәйкес, осыған орай Мәскеуде өтетін салтанатты шараларға Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатыны айтылған.

Энергетика саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.