Ресейдің энергетика министрі Тоқаевқа Путиннің хабарламасын жеткізді

Сырым Қаржас
Ақорда

Президент Тоқаев Ресейдің энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙ

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады.

– Министр мемлекет басшысына Ресей президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді, – делінген хабарламада.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.

Еске салайық, 2025 жылғы 17 сәуірде Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген  уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Бұдан бөлек, энергетика саласындағы ықпалдастыққа назар аударылды.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.