Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматыда марафон кезіндегі екі адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалмағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӘДІЛОВ НЕ ДЕЙДІ
Тиісті тексеру болды. Екі адамның өлімі бойынша креминалдық мән-жай анықталмады. Бізде қылмыстық іс тек қылмыс құрамы болғанда ғана қозғалады. Аталған оқиғада қылмысьық іс қозғалмады. Тексеріс нәтижесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Бұл тұрғыда сот-медициналық сараптама орталығының тиісті актілері бар, – деді Әділов журналистерге Мәжіліс кулуарында.
МАРАФОНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ
Еске салайық, бүгін, 20 сәуірде Алматы жартылай марафонының екі қатысушысы қаза тапқаны белгілі болды. Қарт адам кенеттен ауырып, жас жігіт есінен танып қалған. Жедел жәрдем келгенше екеуі де көз жұмды.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың өлімінің себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады.