“Сөмкеде бомба бар”: Алматыда ұшақтан жолаушылар шұғыл түсірілді

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

16 жастағы бала бомба барын айтып, салдарынан ұшақ рейсі бірнеше сағатқа кешіктірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Оқиға 19 сәуірде Алматы – Қарағанды бағытындағы FS7121 рейсінде болған. Жолаушыларды отырғызу кезінде 2009 жылғы туған жолаушылардың бірі досының сөмкесінде бомба бар екенін айтқан.

ҰШАҚ КЕШІКТІРІЛДІ

Салдарынан, рейс тоқтатылып, барлық жолаушы түсіріліп, ұшақ тексерілді. Қажетті процедураларды орындау қажеттілігіне байланысты рейс 2 сағат 44 минутқа кешіктірілді.

ҚАРЖЫЛЫҚ ШЫҒЫН

FlyArystan әуе компаниясы қазіргі таңда рейстің кешігуіне және қажетті процедураларды орындауға байланысты қаржылық шығындарды бағалауда. Жолаушының заңды өкілі келтірілген зиянды өтеуге ниет білдірді. Әуе компаниясы қаражатты қайырымдылыққа жіберетінін хабарлады.